Жаңа жыл мерекесі » Екпінді негізгі мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Екпінді негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жыл мерекесі
04
январь
2018

Жаңа жыл мерекесі

«Екпінді орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2017 – 2018 оқу жылында 27 – 28 желтоқсан аралығында «Жаңа Жыл мерекесіне» арналған «Құтты болсын, Жаңа жыл» тақырыбында өткен Жасыл шырша және қысқы демалысты ұйымдастыру туралы мәлімет

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің 2017 ж. 21 желтоқсанның №321-ө бұйрығы және мектепішілік 2017 ж. 23 желтоқсанның №411-ө бұйрығы ағымдағы жылы 27 – 28 желтоқсан аралығында мектепте «Жаңа Жыл мерекесіне» арналған «Құтты болсын, Жаңа жыл» тақырыбында Жасыл шырша іс-шаралары өтті.
Жоспар бойынша 27 желтоқсан күні сағат 11.00-ден бастап мектепалды даярлық тобы ( 13 бала) және 1-сынып оқушыларының (18 оқушы) «Төрлет құтты, Жаңа Жыл» тақырыбында мерекесі өтті. Ата – аналардың демеушілік тарапынан балаларға сыйлықтар берілді
28 желтоқсан күні:
• сағат 10.00-ден бастап 2- сынып (9 оқушы), 3-сынып (11 оқушы) және 4-сыныптың ( 13 оқушы) «Құтты болсын, Жаңа жыл!» тақырыбында жасыл шырша мерекесі болды.
• сағат 15.00 ден 17.00-ге дейін 5 –сынып «Кел, Жаңа жыл!» тақырыбында бал – маскарад өтті.

Іс-шара біткен соң барлық балалар ата-аналарымен үйлеріне қайтты. Сынып жетекшілер мен кезекші мұғалімдер сағат 24.00-ге түнгі кезекшілікте жүрді.
2017 – 2018 оқу жылының қысқы демалыс кезеңі 29 желтоқсаннан бастап 06 қаңтарға дейін. Қысқы демалысқа жоспар әзірлеп, бекітілді.
1. «Кел, Жаңа Жыл!» Жаңа Жыл туралы әндер байқауы – жауапты музыка пәні мұғалімі Ә.Әділжан
1. «Қысқы оюлар» сурет көрмесі бастауыш сынып мұғалімдері С.Tулегенов пен Г.Ускумбаева (04.01.2018 ж.)
2. «Knowledge club» intellectual game (05.01.2018 ж.)
3. «Көңілді старттар» сайысы А.Амиркулов (05.01.2018 ж)
2017 ж. 23 желтоқсанда 1 – 9- сыныптар арасында сынып жетекшілер өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Қысқы мерзімде көлшік сулардың қасында, тайғанақ жерлерде абай болуға ерекше көңіл аударылды. Қар бұрқасындары жайлы, шатырлардан құлайтын қарлардың зардабынан болатын жарақаттар жайлы мысалдар келтірілді. Ауыл сыртына мал бағуға, іздеп шығуға тиым салынды. Жалғыз шыққан жағдайда жыртқыш аңдарға тап болулары мүмкін екені айтылды.

Орындаған: МДТІЖО Г.Цой

Жаңа жыл мерекесі
Жаңа жыл мерекесі
Жаңа жыл мерекесі

Похожие публикации:

02 октябрь 2017 Қарттар күні