Сынып жетекшілер сайысы » Екпінді негізгі мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Екпінді негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып жетекшілер сайысы
19
ноябрь
2017

Сынып жетекшілер сайысы

«Екпінді орталау мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп психологының «Үздік сынып жетекші-2017» байқауына мәліметі.
15-қараша күні мектебімізде «Үздік сынып жетекші-2017» атты тамаша кеш өтті.Бұл байқауға барлық сынып жетекшілер қатысып ,ат салысты.Байқау 4-кезеңнен тұрды.Әділ қазы алқасы:мектебіміздің директоры Жайлыбай Мақсат Рамазанұлы,МДОТІЖО Райымбекова Гульайхан Қалиқызы және МДТІЖО Галина Цой болды.
Сайыс шарттары:1.Таныстыру. 2.Сынып жетекші жұмысының жаңашыл қызметінің үлгісі. 3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы және соңғы 4.Портфолио.
Ұстаздарымыз жақсы дайындықпен келген.Түрлі жаңашыл бағытта сабақтарын көрсетіп өзінше бір идеология қалыптастырды.Соның ішінде 9-сынып жеткшісі Стамбекова Жанар Тасығанқызының сыныптан тыс тәрбие сағатын атап өтсек болады.Ол кісі қалған ұстаздарды топқа бөліп тапсырма беріп,әділ қазы мүшелерін де бұл сабағына қатыстырып,тамаша тәрбие сағатын алдымызға ұсынды.
Бұл байқауда 1-орынды 1-сынып жетекшісі Тулегенов Серік,2-орынды Суранчиев Жандос,3-орынды Умурзакова Ольга иеленді.Қалған ұстаздарымыз арнайы номинация мен сыйлықтарға ие болды.Осы байқау қорытындысы бойынша аудандық «Үздік сынып жетекші-2017» байқауына 1-орынды иеленген Тулегенов Серік Рүстемұлы баратын болды.
Сынып жетекшілер сайысы

Похожие публикации:

05 октябрь 2017 Келіндер байқауы
03 май 2017 басқарма
02 май 2017 оқушылар